Қазақ баспасөзінің мерекесі
Ел президентінің Жарлығымен кезінде «Қазақ » газетінің тұңғыш саны шыққан күні 2024 жылдан бастап «Қазақ баспасөзінің күні» деп аталып өтілетін болды. Осы мерекеге орай қаламыздағы «Аманат» партиясының филиалы кездесу өткізді. Кездесу Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған қалалық кітапханада өтті. Кездесуге қаламыздағы екі газеттің редакторлары Б.Шалова мен Қ.Аманқұлов және Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжінің МТ-24-9 тобы мен қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы С.Алиманова қатысты. Кездесуді партияның қаламыздағы жетекшісі Е.Жүкенова жүргізді. Кездесу дөңгелек үстел форматында өтіп, қонақтар өздерінің журналистік өмірбаянын әңгімелеп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Дөңгелек үстел соңында сөз алған колледж оқытушысы С.Алиманова газет- журналдың жастар тәрбиесіндегі орны, олардың саяси , мәдени көзқарасының қалыптасуына әсері туралы айтты.
Комментарии