МЕТ-22-9 тобы 31.03.2025 күні КМ 4 пәні бойынша өндірістік тәжірибесін бастады. Тақырыбы – «Технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес негізгі және қосалқы процестерді реттеу және бақылау».
Біздің топтың студенттері тәжірибе барысында өздерін жақсы қырынан көрсетті. Барлығы уақытты тиімді пайдаланып, берілген тапсырмаларды мұқият әрі жауапкершілікпен орындап отырды.
11.04.2025 күні тәжірибеден өту бойынша қорытынды есеп тапсыру күні болды. Сол күні топ студенттері колледжден келген тәжірибе жетекшісі — Бексұлтан Шуғайбековичтің тапсырмаларын орындап, қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, есептерін қорғап шықты.
Практика кезінде біз көптеген жаңа ақпараттармен таныстық. Әртүрлі цехтардағы технологиялық процестердің қалай жүретінін, қолданылатын жабдықтардың қызметін, оларды қалай пайдалану керектігін үйрендік.
Жалпы, бұл тәжірибе біз үшін пайдалы, әрі қызықты өтті. Болашақта бұл жерде үйренген біліміміз өз мамандығымызда үлкен көмек боларына сенімдіміз.

Комментарии