Қазіргі заман балалар әдебиетіндегі шығармаларға арналған ашық сабақ

14. 11. 2022 ж. Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде  ДВ-20-9 тобында  балалар әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ 1960-1980 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылығына арналды.

Қазіргі заман балалар әдебиетінің өркендеуіне үлес қосқан қаламгерлердің (М. Әлімбаев, Қ.Мырза Әли, Т.Молдағалиев)  балаларға арналған туындыларымен танысу, шығармаларына талдау жасау мақсатында өткізілген сабақта топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, ойын, талдау жұмыстары сияқты түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Қаламгерлердің өмір жолына арналған деректі фильм көрсетіліп, шығармашылықтары туралы көптеген мәліметтер берілді. 

Сабақты өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы  — Э.И.Қалкенова.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *