«Қыз қылығымен …» атты тәрбие сағаты (МТ-20-9)

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжінің   МТ-20-9 тобында «Қыз қылығымен …» атты тәрбие сағаты өтті. Оған топ кураторы және топтың қыздары қатысты. Топ қыздары қазіргі қыздар арасында кездесетін ұлттық менталитетімізге қайшы келерлік кейбір қыздардың қылықтарын сынға алды. Халқымызда қыз бала тәрбиесіне айрықша көңіл бөлінген.Қызды өз үйіне қонақ деп есептеп, оны еркелетіп, қажет заттарымен қамтамасыз етіп, мәпелеп өсірген. Сонымен бірге үй шаруасын біртіндеп үйретіп, болашақ ана, отбасының берекесі ретіндегі барлық істерге бейімдеуді де ұмытпаған. Тоқыма тоқу, іс тігу, ас дайындау, кір жуу сияқты күнделікті тұрмысқа қажетті дағдыларды жас кезінен үйрете бастаған, сөйтіп болашақ өмірге дайындаған. Қыз баланың мінезі сынық болғаны дұрыс. Адамға тіке қарап, шапылдап сөйлеу ұлтымызға жат нәрсе, әсіресе қыз балаға ондай қылық жараспайды.

Алиманова Сандугаш Нуртаевна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *