Үштілділік білім беру апталығының аяқталуы

Үштілділік білім беру апталығының аяқталуы

14.03.22-18.03.22

 «Балқаш гуманитарлы техникалық колледжі» базасында тілдер оқытушыларының  жұмысының  және үштілді білім беру апталығының шеңберінде  2022 жылдың 14-18 наурыз аралығында  «Үштілділік білім беру апталығы»  өткізілді. Апталық «Үш тілді дамыту» концепциясын насихаттау арқылы оқушылардың тіл үйренуге ынтасын арттыру, үш тілді меңгеруде танымдық белсенділігін және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

14.03.2022 жылы  «Үштілділік білім беру апталығының»  салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың ашылуында ұйымдастырушылар оқушыларды ісшаралар жоспарымен, бағытымен таныстырды. Ісшараға 30-ға жуық студент қатысты.

15 наурызда «Үштілділік білім беру» апталығы аясындағы мекеме ішінде тілдік емес мамандықтар студенттеріне арналған «Intellectual Marathon» байқауыөтті. Байқау үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушысы – Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Далабаева Айнаш Амиралиевна студенттерді 2 топқа бөліп, 5 кезеңнен тұратын ойынды өткізді. Ісшара соңында әділқазылар мүшелері жеңімпаздарды белгілеп, алғыс сөзін айтып кетті. Ісшараға колледждің гуманитарлы-техникалық бөлімінен ШК-20-9, ШК-19-9, ФК-19-9, ОИ-19-9, МТ-21-9, ОП-21-9 топтарының 14 студент қатысты.

2022 жылдың 16 наурызында  «Қарағанды шетел тілдері колледжі» ЖММ базасында шетел тілдер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының  және үштілді білім беру апталығының шеңберінде тілдік мамандықтар студенттері арасында «English Today, English forever» викториналық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты қатысушылардың коммуникативтік және тілдік біліктері мен дағдыларын дамыту және жетілдіру, ағылшын тілі және оқытылатын тіл елдерінің мәдениеті саласындағы білімдерін бекіту болды. Байқауға 6 студент қатысты. БГТК колледжінен ИЯ-20-9  тобының студенті Сихимбаева Венера қатысып, сертификатқа ие болды.

17 наурыз инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтау, колледж оқытушыларының озық педагогикалық тәжірибесін ұсыну мен насихаттау мақсатында студенттер арасында «Ғасырлық жаһандану кезіндегі көптілділік» тақырыбында педагогикалық биенналені өтті.Ісшараға ШК-21 А-9, ИЯ-21-9, ШР-21-9, ДВ-21-9, ШК-21 Б-9 топтарынан 25 студент қатысып, ШК-18-9 тобының студенттері сабақта қолдануға арналған үздік, заманауи оқыту әдіс тәсілдерімен таныстырды.

2022 жылдың 17 наурызы күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде облыстық үш тілді білім беру апталығы аясында «Environmental issues in the 21st century» тақырыбында бейнероликтер байқауы өтті. Байқауға роликтерді бағалау нәтижесінде ШК-19-9 тобының студенті Шаймерден Аружан жарыстың 2 кезеңіне өтіп, үздіктер қатарына ілікті.

18 наурыз ШК-19-9 тобының студенті Шаймерден Аружан облыстық «World of languages» атты онлайн лингвистикалық жарысқа қатысып, арнайы сертификатқа ие болды.

18 наурыз Ким Ольга Александровнаның ұйымдастыруымен ИЯ-19, 20, 21 топ студенттері арасында ‘English is useful, English is fun!’ викторина байқауы өтеді. Байқау 7  кезеңнен тұрды: Warm up, Brainstorming, Crocodile, Cinema, Flags, Sing and think кезеңдеріне 3 топ қатысып, ең жоғары ұпай сандарымен «Stars» тобы жеңімпаз атанды. Ісшара соңында барлық қатысушылар арнайы сертификатқа ие болып, сыйлықтармен марапатталды.

  Далабаева А.А.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *