Ұлттық поэзияның падишасы

     Биылғы жылы Қазақ ұлттық поэзиясының падишасы , Алаштың біртуар ақыны, қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толмақ.Осыған орай Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжінде «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында іс- шара өтті. Оны дайындап , өткізген қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Алиманова Сандуғаш Нуртаевна және МТ-20-9 тобының студенттері. Жоспар бойынша берілген тақырып «Биылғы мен оқыған сүйікті кітап» болатын. Топ студенттері қысқы демалыс кезінде Мағжанның «Шолпанның күнәсі» әңгімесін оқып және әңгіме желісіне түсірілген кинотуындыны көріп, пікірталас өткізуді ұйғарды. Шолпанның ауыр тағдыры, оның жан күйзелісі, ар алдындағы жауапкершілігі, отбасының бақыты үшін өзін құрбан етуі қазіргі жас ұрпаққа үлкен ой салды деуімізге болады. Отырыс соңында ақынның махаббат туралы өлеңдері оқылып, әндеріне кезек берілді.

Алиманова С.Н.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *