03.04.2025ж Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің ОП-24-9 тобында қазақ тілі пәні бойынша ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: «Әлемдік экология мәселелері бөлімі бойынша Семей полигоны. Ядролық өндіріс – табиғатқа төнген қауіп. Сыни пікір». Студенттер «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын негізге ала отырып, Балқаш экологиясына байланысты қаламыздың экологы Утебаева Шолпан Амангельдыевнадан және көшеде қала тұрғындарынан алған сұхбатын, түсірген бейнебаянын көрсетіп, туған жерге, еліне деген сүйіспеншілігін көрсетті. Жаңа сабақ пресс конференция түрінде өтіп, студенттер Семей полигонын, ядролық өндірістің табиғатқа, халық денсаулығына қаншалықты қауіпті екенін жан-жақты зерттеп, зерделеп өз ойларын ортаға салды. Сабақты «Заман-ай» әнімен аяқтады. Ашық сабақ өте қызықты өтті.




Сабақты өткізген колледждің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Омарова Сархиткул Жумашевна.
Комментарии