Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған бейнеролик байқауы

         28.11.2022ж. «Балқаш қаласының Жастар ресурстық орталығының»  ұйымдастыруымен қазақ ұлтының мақтанышына айналған Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын насихаттау, ғибратты мұрасын жан-жақты зерделеу, келешек ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында бейнеролик байқауы өткізілді.

        Іс –шараға қатысушылар А.Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, бейнеролик түсірді. Жақсы түсірілген бейнероликтер әлеуметтік желіде жарияланып, көрермендердің талқысына салынды.

        Байқауға Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінен  ШК-19-9 тобының  студенті Болатбекова Айғаным қатысты. Ақынның өлеңін нақышына келтіріп оқыған Айғаным байқау қорытындысы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болып, дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Айғанымға жетекшілік жасаған топ жетекшісі- Э.И.Қалкенова.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *