«Ашық есік күні»

2023 жылдың 19 мамыр күні Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде «Ашық есік» күні өтті. Ашық есік күніне қаламыздың мектептерінің оқытушылары және 9шы сынып оқушылары келді. «Музыкалық білім беру» мамандығының оқытушыларының ұйымдастыруымен керемет концерт өтті. Концертте Сахарова А.П., Нәдірбеков Ж.Р., Кисличенко Е.В., Хасенова Ж.Ж., Сыйырбаева З.А., Ерменбетова С.О., Кажикаримова А.Е. жетекшілігімен «Қазақ фольклорлы ансамблі», «Ложкари» орыс фольклорлы ансамблі, «Өркен» вокалды-хорлы ансамблі, «Алтын ине» студенттік сән театры, «Шығармашылық клуб» әншілері, бишілері өз өнерлерімен келген қонақтардың қошеметіне бөленді.

«Музыкалық білім беру» мамандығының оқытушысы «Шығармашылық клуб» жетекшісі —  Кажикаримова Айгерим Ержановна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *