«Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады»

6 наурыз күні Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің ФК-21-9, МТ-21-9 топ студенттері, топ жетекшілері З.А.Сыйырбаева мен Н.Б.Бекмурзаевтың ұйымдастыруымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады» атты мерекелік коцерт өтті. Колледжіміздің ардагер ұстаздары қонаққа келіп, керемет концерттік бағдарламаның куәсі болды. Концертті ИЯ-22-9 тобының мың бұралған бишілері қазақ биімен ашып, ШК-22-9 тобының студенті Түсенов Нұрдос «Ана» монологымен жалғастырып, ФК-21-9 тобының ұлдары би билеп, колледжіміздің бишілерінен құралған «BK group» керемет билерімен көрерменнің қошеметіне бөленді.

«Шығармашылық клуб» жетекшісі А.Е.Кажикаримованың жетекшілігімен МТ-22-9 Өмірғалы Ажар, ДВ-21-9 Бәйтен Меруерт, ДВ-22-9 Тоқтал Назерке, МО-20-9 Рахмет Нұрасыл мен Туяков Қуан, МО-19-9 Айтжанқызы Нұрайым, Алпысбаева Аяжан, Имаш Алина, Несипбаева Арай, Сейфулла Алдияр,

ФК-21-9 Кәрімхан Балнұр әсем әндерімен концерттің көркін кіргізді.

«Шығармашылық клуб» жетекшісіКажикаримова Айгерим Ержановна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *