«Environmental issues in the 21st century» тақырыбында бейнероликтер

 «Environmental issues in the 21st century» тақырыбында бейнероликтер сайысы

«World of languages» атты онлайн лингвистикалық сайыс

17-18.03.22

2022 жылдың 17 наурызы күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде шетел тілдер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының  және үштілді білім беру апталығының шеңберінде тілдік емес мамандықтар студенттері арасында «Environmental issues in the 21st century» тақырыбында бейнероликтер байқауы өтті. Байқауға роликтерді бағалау нәтижесінде ШК-19-9 тобының студенті Шаймерден Аружан жарыстың 2 кезеңіне өтіп, үздіктер қатарына ілікті. 18 наурыз Шаймерден Аружан облыстық «World of languages» атты онлайн лингвистикалық жарысқа қатысып, арнайы сертификатқа ие болды. Байқаудың мақсаты қатысушылардың коммуникативтік және тілдік біліктері мен дағдыларын дамыту және жетілдіру, ағылшын тілі және оқытылатын тіл елдерінің мәдениеті саласындағы білімдерін бекіту болды

Далабаева А.А.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *