25.04.25ж. Оқу сауаттылығы апталығының аясында ШК-23-9 тобында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Көркем шығарманың үздік оқырманы» байқауы өткізілді. Еліміздің басынан кешкен қайғылы, зұлматты жылдар тарихын мәңгі есте сақтауға көмектесетін, соғыс тақырыбына жазылған әр алуан кітаптармен таныстыру, соғыста ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру мақсатында өткізілген байқауда студенттер өздері оқыған шығармалары туралы мәліметтер берді. Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты», Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас «, Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Ә.Шәріповтің «Партизан қызы», С.Мұратбековтің «Жабайы алма» сияқты шығармалар бойынша ойларын айтып, сұрақтарға жауап берді.Өзінің оқыған шығармасына жан-жақты түсінік берген ШК-23-9 тобының студенті Қуатжан Аяулым байқау жеңімпазы атанды.
Ұйымдастырған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Э.И.Қалкенова
Комментарии