КВН «Көңілді тапқырлар алаңы» марафоны

1 сәуір күлкі күніне орай колледжіміздің 1 курс студенттері арасында «Көңілді тапқырлар алаңы» көктемгі марафоны өткізілді. Студенттер мерекелік көңіл –күй сыйлай отырып, тапқырлық, ұшқыр қиял арқылы әзіл әлемінде өз өнерлерін көрсетті. Ойын 3 кезеңнен тұрды:

1.Сәлемдесу

2.Импровизация

3.Биатлон

Сайысқа 8 мамандықтан қатысты: ДВ-21-9 «Элита», ШК-21-9 А «Қыздарай», ШК-21-9 Б «Ұнамаса қарама», ИЯ-21-9 «Драйв», МТ-21-9 «Ladies», ТТ-21-9 «Тұмар», ОП-21-9 «Бауырсақ», МЕТ-21-9 «Ұлдарай» командалары қатысты.

I орын МЕТ-21-9 «Ұлдарай»

II орын ШК-21-9 А «Қыздарай»

III орын ШК-21-9 Б «Ұнамаса қарама» және ОП-21-9 «Бауырсақ» командалары орын алып, қалған командалар алғыс хатпен марапатталды. Әділқазылар алқасы шешімдерін шығарғанша колледжіміздің 1 курс студенттерімен құрылған «BK Group» тобының биші қыздары және ФК-21-9 тобының студенті Каримхан Балнұр әсем әнімен, өз өнерлерін көрсетті.

Ұйымдастырушы интеллектуальдық клуб жетекшісі: Амирхашов Ф.Б.