«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында Ш.Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай «Қызыл жебе» шығармасын оқу сағаты

2022 жылдың 07.04.күні «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»  мамандығының ШК-21-9(Б) тобы студенттерінің ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы  аясында  ұлтымыздың рухани дамуына, әдебиетіміздің өркендеуіне орасан зор үлес қосқан көрнекті  халық жазушысы Ш.Мұртазаның  туғанына 90жыл толуына орай  автордың «Қызыл жебе» шығармасын оқу сағаты ұйымдастырылды.

Мақсаты:

студенттерге Ш.Мұртазаның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, білімдерін тереңдету;

ой –өрісін, тіл байлығын жетілдіру, ойлау қабілетін арттыру.

Оқу сағатында жазушы туралы презентациялар, бейнеролик ұсынылды. Студенттер Ш.Мұртазаның өмірі мен шығармашылығына жан –жақты тоқталып, шығарма мазмұнын жете түсіндірді, әдеби –композициялық талдау жасады. «Қызыл жебе» роман –трилогияға  өзек болған

оқиғаларды, тарихи – революцияық тақырыпты, негізгі кейіпкер Тұрар Рысқұловтың өсу, қалыптасу, кемелдену кезеңдерін,  қиын өмірдегі күрделі тартыстардың бел ортасында жүрген Тұрардың  бейнесін асқақтата  ашып көрсетті.

 Ш.Мұртазаның қаламгерлік шеберлігі жайында атылған пікірлермен, шығармаға берілген бағамен таныстырды.

Оқу сағатында білімдерін жинақтау мақсатында викториналық сұрақтар берілді. Студенттер танымдық мағлұматтар, рухани өміріне қажетті мәліметтер алды.

Оқытушы: Б.К.Жахметова

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *