«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Тәуекел той» әңгімесі бойынша диспут

                2022 жылдың 30 наурызы күні «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының ШК-21-9А тобы студенттерінің ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай  «Тәуекел той» әңгімесі бойынша диспут сабағы болып өтті.

Мақсаты:              

1.Студенттерді Шерхан Мұртазаның өмірімен, шығармашылығымен таныстыру.

2 «Тәуекел той» әңгімесіне әдеби –композициялық  талдау.

3. Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

4. Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау.

               «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп, ғұлама ақын Абай айтқандай, кітап – өмір ұстазы.  Кітап оқымай,  өмірді білу мүмкін емес. Өзіңді тану үшін де, өзгені тану үшін де кітап керек. Студенттердің әдебиетке сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Қазақстанның халық жазушысы , қоғам қайраткері  Шерхан Мұртаза туралы  деркеті фильм көрсетіліп, автордың  өмір жолымен, шығармашылығымен таныстырылды.   Не білемін? Не білдім?  Не білгім келеді? Осы сұрақтар төңірегінде ой бөлісті. «Тәуекел той» әңгімесінің мазмұнымен танысып, шығармаға әдеби –композициялық талдау жасалды.    «Тәуекел той» әңгімесінің тақырыбын, идеясын анықтап, қазіргі той туралы өз ойларын білдірді.

Диспут сабақ өте қызықты өтті. Студенттер белсене қатысып, жақсы әсер алды.

Оқытушы: Жахметова Б.К.