Республикалық «Үздік бейне сабақ» байқауы

 Биылғы жылы қыркүйек айында заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде «Әуезов әлемі» атты танымдық- шығармашылық фестиваль өтті . Осы фестиваль аясында Семей мұғалімдер семинариясының түлегі, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, жазушы М.О. Әуезовтің 125 жылдығына арналған республикалық «ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ» атты танымдық-шығармашылық фестиваль аясында ТжКББ жүйесіндегі педагогикалық колледждердің педагог қызметкерлері арасында өткен «ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ШЕҢБЕРІНДЕ М.О.ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ» атты үздік инновациялық жоба қашықтық байқауына  Ә.Мусин атындағы гуманитарлы- техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Сандуғаш Алиманова қашықтықтан қатысып, ұйымдастырушылардың алғыс хатына ие болды. Оқытушы бұл байқауға «Үздік бейне сабақ» бағыты бойынша колледжде өткізген «М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы кейіпкерлер галереясы» тақырыбындағы сабағының бейнежазбасын ұсынған болатын.

Алиманова С.Н.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *