«Рухы биік нар тұлға»

2022 жылдың 07.04 күні  «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының ШК-21-9А тобы студенттерінің ұйымдастыруымен  «Рухы биік нар тұлға» тақырыбында тағылым сағаты  болып өтті.

Мақсаты: өзіндік тұлғасымен танылған,  Халық ағарту саласынд айрықша із қалдырған ағарту ісінің үздігі, озық ойлы дарынды ұстаз, ел азамат, ұстаздардың Ұстазы Сәбит Бекенұлының кәсіптік білім беру ісіне, оның ішінде болашақ мұғалімдерді даярлауға қосқан үлесімен таныстыру.

            Тағылым сағатына колледж директоры Е.М.Смағулов, орыс тілі пәнінің оқытушысы С.С.Саматова қатысты.

Студенттер    ұстаздардың Ұстазы саналы ғұмырында туған елі мен халқына қалтқысыз қызмет атқарған, кәсіптік білім беру ісіне, оның ішінде болашақ мұғалімдерді даярлауға  үлес қосқан Балқаш өңіріндегі айтулы азаматы Бекенов Сәбит Бекенұлының өмірі, педагогикалық қызметі туралы жан –жақты мағлұмат берді.

Колледж директоры Е.М.Смагулов ұстаз-тәлімгері С.Б.Бекенов туралы естеліктерін айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

            Ұстақ ұлағаты өшпек емес, себебі ол халық жадында, шәкірттерінің жүрегінде мәңгі жасай бермек! Студенттер  Сәбит Бекенұлына арналған  жыр шашуларын арнады.

Сәбит аға – ұстаздардың ұстазы. Рухани және өмірдегі жігер беруші, асқар таудай ұстаздың өлмес ғұмыры шәкірттері арқылы жалғаса бермек.

Оқытушы: Б.К.Жахметова