«Сұлу жырдың сұңқары» дәстүрлі байқауы

14.10.2022ж. қаламызда С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туған күніне орай  ақынның шығармашылығын насихаттау, көркемсөз  оқу шеберлігін дамыту мақсатында «Сұлу жырдың сұңқары» дәстүрлібайқауы өтті.

      Байқауға Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің  ШК-19-9 тобының студенттері  Қайдар Айтолқын, Маратқызы Айсұлу (жетекшісі Э.И.Қалкенова) және  ШК-22-9 тобының студенті Түсенов Нұрдос (жетекшісі Б.К.Жахметова) қатысты. Қайдар Айтолқын «Біртуар дарынның әдеби әлемі» номинациясы бойынша прозалық шығармасынан үзіндісін жатқа оқыса, Маратқызы Айсұлу мен Түсенов Нұрдос «Сәкен-жырдың сарқылмас дариясы» номинациясы бойынша  ақынның өлеңдерін нақышына келтіре орындады.

        Байқау  қорытындысы бойынша Қайдар Айтолқын жүлделі І дәрежелі дипломмен Маратқызы Айсұлу жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен және Түсенов Нұрдос ІІІ дәрежелі дипломмен, бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

Студенттерді дайындаған- қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушылары  Э.И.Қалкенова, Б.К.Жахметова.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *