Сауықтыру лагеріндегі жазғы тәжірибе» бойынша қорытынды конференция

06.10.2022ж.  Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде  ШК-19-9 тобының студенттерінің ұйымдастыруымен «Сауықтыру лагеріндегі жазғы  тәжірибе» бойынша қорытынды конференция өткізілді. Білім алушыларда балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, балалармен топтық және  жеке жұмыстың  әдістері мен формаларын меңгеру, машықкерлердің кәсіптік педагогикалық білімдерін кеңейту және жаз кезіндегі  балалар мен жасөспірімдермен тәрбие жұмысын жүргізудің әдістемесімен қаруландыру мақсатында өткізілетін бұл тәжірибеден топ студенттері маусым-шілде айларында өтті.

Конференцияны ұйымдастырған ШК-19-9 тобының жетекшісі Э.И.Калкенова кіріспе сөз сөйлеп, оқу жоспарына сәйкес өткізілген тәжірибенің мақсат-міндеттеріне, өту барысына, тәжірибеден өткен студенттер жайында айтып өтті. Одан әрі тәжірибеден өткен студенттердің есебі тыңдалып, қала мектептері  жанындағы,  ауылдық жердегі сауықтыру лагерінде, Бектау ата баурайындағы жазғы сауықтыру лагерінде тәжірибеден өткен  студенттер өздерінің іс-тәжірибелерін ортаға салып, қызықты сәттерімен бөлісті. Конференция соңында қатысып отырған ШК-20-9 және ШК-21-9 тобының студенттеріне тәжірибе бойынша қажетті құжаттармен таныстырып, жинақтаған папкаларын көрсетті. Тәжірибе қорытындысы бойынша ШК-19-9 тобының барлық студентіне сынақ қойылды.

Дайындаған оқытушы – Э.И.Қалкенова.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *