«Тәуелсіздік бәрінен қымбат «

Ел Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жылдың 5 қаңтарында «Тәуелсіздік- бәрінен қымбат» деген бағдарламалық мақаласын жариялады. Соған орай мақалада айтылған басты факторларды насизаттап түсіндіру мақсатында А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжінің МТ-20-9 тобында арнайы куратор сағаты өткізілді. Куратор сағатын дайындап өткізген топ студенттері Амангельдинова Дильназ, Аскарова Амина және Нұрланқызы Айжан.Топ кураторы қорытындыда Президенттің мына сөзіне баса назар аудару керектігін айтты: Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс.  

Ұлтымыздың ұлы ұстыны – қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтай берсін! 

Алиманова С.Н.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *