«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

(әдеби –сазды кеш)

2021 жылдың 14 желтоқсанында «Алтын сахна» үйірмесі мүшелерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тақырыбында әдеби –сазды кеш  болып өтті.

Мақсаты: 

Елімізге тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін,тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру;

ел бірлігін сақтауға, әлем алдындағы беделімізді одан әрі көтеруге күш салу;

Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын  үлгі ету;

этносаралық және мәдениетаралық коммуникацияны дамыту;

Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін, салт – дәстүрін, тарихын құрметтейтін жаны таза, рухы мықты азамат тәрбиелеу.

студенттердің танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік  ұстанымын қалыптастыру.

Мерекелік кеште студенттер Тәуелсіздік туралы, тарихымыз жайлы ақпаратты –танымдық мағлұматтармен таныстырды. Отан, тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, ән шырқады. Тәуелсіздік белестері жайлы презентация жасап, арнау өлеңдерін оқыды.  «Тәуелсіздік тәңірденкелген сый»тақырыбында видеоролик көрсетілді. Әдеби кеш мазмұнды, тартымды өтті.

Оқытушы: Жахметова Б.К.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *