«Техникалық пәндер әдістемелік бірлестігінің үшкүндігі» аясында өткен іс-шаралар

2025 жылдың 25-28 ақпан күндері колледжімізде»Техникалық пәндер әдістемелік бірлестігінің үшкүндігі» ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – техникалықмамандықтардың маңыздылығын насихаттау, білімалушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және олардыңеңбек нарығына бейімделуіне ықпал ету.

«Еңбек еткен – елін өркендетер»(25.02.2025 ж.)
Үшкүндіктің ашылуы оқытушы М.Н. Сагимбекованыңұйымдастыруымен «Еңбек еткен – елін өркендетер» аттысалтанатты жиынмен басталды. Ашылу барысындатехникалық мамандықтардың ел дамуындағы рөлі туралыбаяндалып, алдағы үш күнде өткізілетін іс-шаралартаныстырылды.

«Охрана труда: миссия выполнима!»
М.Н. Сагимбекова, Б.Ш. Жумартов ұйымдастыруымен еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша тренинг-викторина ұйымдастырылды. Іс-шара барысында білім алушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, интерактивті тапсырмалар арқылы олардың білімі тексерілді. 

«Кәсіпке қарай қадам»
Е.В. Токарчук, Ж.Н. Байдилдаев ұйымдастыруымен мектеп оқушылары мен 1-курс студенттері арасында кәсіптік бағдар беру мақсатында байқау өткізілді. Қатысушылар болашақ мамандықтарымен танысып, өздерінің кәсіби бағытын анықтауға мүмкіндік алды. 

Үшкүндік барысында ұйымдастырылған іс-шаралар студенттердің кәсіби дамуына, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат алуына және болашақ мамандықтарын таңдауда көмектесуге бағытталды.

«Білікті маман – мықты ел!» 

Үшкүндіктің екінші күні техникалық мамандықтардың маңыздылығын айқындап, студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған іс-шаралармен жалғасты. Бұл күні теория мен тәжірибе ұштасқан мазмұнды сабақтар мен біліктілік байқаулары ұйымдастырылды.

Ашық сабақ: «Гидростатика негіздері. Гидростатикалық қысым және оның қасиеттері»

Колледжіміздің арнайы пәндер оқытушысы М.Н. Сагимбекованың ТТ-23-9 тобының студенттері үшін «Гидравлика және сорғылар» пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – студенттерге гидростатикалық қысымның табиғатын түсіндіру, оның қасиеттерін зерттеу және инженерлік есептеулерде қолдану жолдарын көрсету.

Сабақ барысында:
— Гидростатикалық қысымның негізгі заңдары түсіндірілді;
— Теориялық материал тәжірибелік тапсырмалармен бекітілді;
— Гидравликалық құрылғылардағы қысым өзгерістері мысалдар арқылы қарастырылды;
— Студнттерге практикалық есептер шығарылып, ситуациялық тапсырмалар берілді.

Бұл сабақ студенттердің техникалық пәндерге деген қызығушылығын арттырып, олардың инженерлік ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті. 

«WorldSkills – Мамандықтың үздігі» колледжішілік чемпионаты

Кәсіби шеберлікті шыңдау және студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамыту мақсатында «WorldSkills – Мамандықтың үздігі» колледжішілік чемпионаты ұйымдастырылды. Бұл байқау студенттерге өздерінің кәсіби біліктілігін көрсетуге, жұмыс берушілер талап ететін құзыреттерді меңгеруге мүмкіндік берді.

Чемпионат келесі мамандықтар бойынша өтті:
«Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру мен қозғалысты басқару«• Студенттер тасымалдау процестерін ұйымдастыру, қозғалысты басқару және логистикалық есептеулер жүргізу бойынша білімдерін сынады.• Байқау барысында теориялық білім практикалық тапсырмалармен ұштастырылып, нақты жұмыс жағдайларына жақындатылды.• Жауапты оқытушы: Ж.Н. Байдилдаев.

«Теміржолдың вагондар мен рефрижераторлары жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»• Қатысушылар жылжымалы құрамды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша дағдыларын көрсетті.• Іс-шара барысында теміржол саласындағы жаңа технологиялар, қауіпсіздік талаптары мен техникалық стандарттар талқыланды.• Жауапты оқытушы: Е.В. Токарчук.

Чемпионатқа қатысушылар өздерінің кәсіби дайындықдеңгейін көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты. Бұл іс-шара студенттердің еңбек нарығына дайын болуына ықпал етіп, олардың болашақ маман ретінде қалыптасуына үлкенмүмкіндік берді.
    Үшкүндіктің екінші күні студенттердің кәсіби шеберлігін арттыруға, тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған мазмұнды және қызықты іс-шаралармен есте қалды. Мұндай байқаулар мен ашық сабақтар болашақ мамандардың техникалық білімін жетілдіріп, олардың өз саласына деген қызығушылығын арттыра түседі.

2025 жылдың 28 ақпанында арнайы пәндер оқытушысы Н.Б. Байровтың ұйымдастыруымен колледж түлектері үшін «Жас маман» бағдарламасы аясында экскурсия өткізілді. Бұл шара түлектерге өз мамандықтары бойынша өндірістік орындармен танысып, еңбек нарығының талаптарын түсінуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, «Аманат» партиясының қатысуымен «Мансап жолы: студенттен білікті маманға дейін» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл жиында студенттер мен түлектер еңбек жолын қалай бастау керектігі, кәсіби даму мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

«Лучшая стенгазета и лучший комикс» байқауының қорытындылары
Оқытушы М.Н. Сагимбекованың ұйымдастыруымен өткен бұл байқау студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Қатысушылар қабырға газеті мен комикс арқылы өз мамандықтарына қатысты қызықты әрі мазмұнды жұмыстар ұсынды. Байқау нәтижесінде ең үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.

Пән әдістемелік бірлестігінің үшкүндік жұмысының қорытындылары
Колледждегі пәндік әдістемелік бірлестіктің үшкүндік жұмысы барысында маңызды тақырыптар талқыланып, келесідей іс-шаралар ұйымдастырылды:• «Түсті металдар металлургиясы» кәсіптік сынып жұмысының есебі – оқытушы Г.Р. Абилдинаның жетекшілігімен өткен бұл шарада студенттердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіру бағыттары қарастырылды.• «Сабақ жоспарымен таныстыру: құрылымы мен мазмұны» – оқытушы Н.Б. Байров «Технология ремонта вагонов» пәні бойынша сабақ жоспарының құрылымы мен мазмұнын жан-жақты таныстырды.• «Жасампаз ұстаз: цифрлық технологиялар» – оқытушы М.Н. Сагимбекова IT технологиялары мен жасанды интеллекттің арнайы пәндерде қолданылуы жөнінде баяндама жасап, заманауи оқыту әдістері туралы ақпаратпен бөлісті.

Бұл іс-шаралар колледждегі білім беру сапасын арттыруға, студенттердің кәсіби дамуына және оқытушылардың әдістемелік шеберліктерін жетілдіруге бағытталған. 

Колледж әдіскері: Хали А.К

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *