«Тіл — парасат» атты қалалық дәстүрлі байқауы

Жастар арасында мемлекеттік тілді, көптілділікті насихаттау, қазақстандықтандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту, жастардың тілдерді үйренудегі шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, сөйлеу мәдениеті деңгейін арттыру және қазақстандық рухани бірлікті қуаттап, отансүйгіштік сезімді арттыру мақсатында қалалық тілдерді дамыту бөлімі қазақ тілі білгірлерінің «Тіл — парасат» атты қалалық  дәстүрлі байқауы өтті. Іс- шараға 16-18 жас аралығындағы ұлты орыс қала жастары қатысты. Э-22-9 тобының студенті Авдеев Кирилл байқау қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.

Дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Алиманова Сандуғаш Нуртаевна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *