«Құрылыс сызбалары туралы жалпы мәлімет»

15.05.2025 ж Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде «Графика және жобалау», «Сызу» пәндерінің оқытушысы Нұрлан Б.Н  ұйымдастыруымен ОП-24-9 тобымен «Құрылыс сызбалары туралы жалпы мәлімет» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында студенттер құрылыс сызбаларының түрлерімен, оларды оқу ережелерімен және сызбаларды орындауда қолданылатын шартты белгілермен танысты. Сонымен қатар, құрылыс элементтерінің сызбада қалай бейнеленетінін үйренді.

Сабақ интерактивті форматта өтіп, студенттердің теориялық білімдерін практикалық тапсырмалар арқылы бекітуіне мүмкіндік туды. Сабақ барысында студенттер алдын ала берілген үй тапсырмасы негізінде «Құрастыру сызбаларын» әзірлеп, оны жоба ретінде қорғады. Бұл жұмыс олардың сызбамен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, өз ойларын нақты әрі сауатты жеткізе білуіне ықпал етті.

Ашық сабақ студенттерге сызбаларды түсініп, оларды оқу және орындау дағдыларын меңгеруге мүмкіндік берді. Жоба ретінде сызбаларды қорғау арқылы білім алушылар өз жұмыстарын жүйелі түрде талдап, инженерлік тұрғыда ой қорыта алды. Мұндай сабақтар болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Сызу пәндерінің оқытушысы Нұрлан Б.Н.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *