Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспары негізінде, Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжіде 2022жылдың 14-18 қарашасы аралығында «Қаржылық сауаттылық» апталығы мен әдістемелік ТРИАДА өткізілді. «Экономикалық пәндер» әдістемелік бірлестігінің оқытушылары дайындаған жоспар бойынша барлық іс- шараларын өте жоғары деңгейді өткізіп, сонымен қатар облыстық байқауларға да қатысып жүлделі орындарға ие болды. Экономикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің оқытушылары тәрбие жұмыстарымен қатар білім сапасын жақсарту мақсатында ашық сабақтарды да өткізді. Әдістемелік ТРИАДА өткізу кезіндегі барлық іс-шараларына колледжіміздің барлық студенттері ат салысып, пән әдістемелік бірлестігінің оқытушылары Мамырбаева Ш.С. мен Масалова О.Ю. ашық сабақ өткізу кезінде көптеген әдіс — тәсілдерді қолданып, білім алушыларымызға өте қызықты да түсінікті жоғары деңгейдегі сабақтар өткізді.
Хали А.
Комментарии