Жұмысшы мамандықтардың жылы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауына еліміздің әр түкпірінен 2600-ден астам талапты студент қатысып, білімдері мен біліктілігі сыналып үздік 100 студент іріктелді. Сол алдыңғы қатарлы үздіктердің арасынан колледжіміздің студенті Түсенов Нұрдос жеңіске жетіп, қаламыздың абыройын асқақтатты.
Жалпы байқаудың Республика бойынша ішкі кезеңіне -2600 студент қатысса, өңірімізден республикалық кезеңге 7 студент іріктелді, ал Республикалық кезеңде үздік студенттерді анықтау үшін 44 эксперт әр қатысушының жұмысын бағалады.
Бұл жеңіс — бүкіл колледжіміздің және өңіріміздің ортақ жетістігі!
Түсенов Нұрдос Мағзұмұлын шын жүректен құттықтаймыз! Әлі де алар асуы, бағындырар белесі көп болғай! Елге еңбек етіп, кәсіби биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!



Жетекшісі: Дукенбаева Г.Е.
Комментарии