«Қазақстанның киелі жерлері» атты байқауы өтті

Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжінің студенттер арасында 2022-2023 оқу жылында  арналған кешенді жоспары аясында «Қазақстанның киелі жерлері» атты   байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты студенттерге патриоттық тәрбие беру және «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында елдің көрікті жерлерін құрметтеуге тәрбиелеу. Міндеттері:

— жас ұрпақты жалпы ұлттық құндылықтарға бағдарлау;

— туған өлке тарихына танымдық қызығушылықты дамыту;

— студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Байқауға қатысушылар Қазақстанның киелі жерлері — Қазақстандағы белгілі мәдени мұра нысандары, табиғи орындар, сондай-ақ елдегі саяси оқиғаларға байланысты ескерткіштер (тарихи ескерткіштер, көрікті жерлер, тарих, көркем табиғат) туралы бейне үзіктер ұсынылды.

Байқауға қатысуға колледж студенттер арасынан  9 қатысушы  өтініш берді. Атап айтсақ:

      Хали Айжан Қалиқызының жетекшілігімен:

-«Айша бибі кесенесі»- Сактаева Мерей;

-«Арыстан баб кесенесі»- Болат Камила;

-«Әлемнің 8-ші кереметі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі»- Максатова Улпан.

Қалкенова Эльмира Ибрагимовнаның жетекшілігімен:

-«Ақтоғай- Алаш арыстарының киелі мекені»- Қонысбай Айнұр.

Кажикаримова Айгерим Ержановнаның  жетекшілігімен:

-«Жұмбағы көп, сыры беймәлім Бектау ата»- Айтжанқызы Нұрайым; «Оқжетпес және Жұмбақтас жартастары»- Несипбаева Арай.

Сабанбаева Жаухар Абдимуталимовнаның жетекшілігімен:

-«Храм Христа Спасателя в  Кызылорде»- Бахтинна Анна;

«Мавзолей Алаша- хана»- Кукеева Карина;

 «Резиденция Абылай-хана»- Саянов  Алдияр.        Колледжіміздің ішінде өткізілген жұмыстардың нәтижесі жалпы ережеге сәйкес, Қарағанды облысы оқу –әдістемелік орталығының қазылар алқасының сырттай бақылау жұмыстарының нәтижесі күтілуде.

Хали А.Қ.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *