Қазақстанның бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Балқаш қаласының Құрметті азаматы Александр Иванович Апачинскийдің 70 жылдық мерейтойына орай, кітапханамызда «Қазақтың мақтанышына айналған сайыпқыран спортшы» еске алу, сырласу алаңы өтті.
Іс — шара спикерлері: СЕРГЕЙ ВАЛЕРЬЕВИЧ КОСЕНКОВ — бокстан КСРО спорт шебері, КСРО чемпионатының қола жүлдегері А.И.Апачинскийдің шәкірті және МИРАС СЕРҒАЛЫҰЛЫ ОСПАНОВ — “Дене шынықтыру-сауықтыру кешені” КМҚК — бокстан жаттықтырушысы қатысты.
Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық — техникалық колледжінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі К.С.Камбаров .және дене шынықтыру мамандығы бойынша дәріс алатын (ФКА -22-9) 1 курс студенттері қатыса отырып әсерлі ақпарат алды.
Сергей Валерьевич өз әңгімесінде боксқа кездейсоқ келгендігін айта отырып, Александр Иванович Апачинскийдің қарапайымдылығына тоқталып, боксер болам деген балаға әрқашан төзімдікке шыдай білу керектігін, жастарымызға тек талантқа сеніп, үлкен белесті бағындыру мүмкін емес, талантты шыңдау үшін де тер төгіп, еңбек ету керек екенін айтып өтті. Есте қаларлық жеңіс додаларынан қызықты оқиғаларымен бөлісті.
Майталман жаттықтырушы өмірден озғанына, он жыл өтседе. Қазақтың мақтанышына айналған Александр Иванович Апачинский біздің есімізде мәңгілік сақталары сөзсіз.
А.И.Апачинскийдің өмірі туралы арнайы фильм көрсетілді және қонағымыз өзінің жеке мұрағатынан жарыс кезіндегі, бапкерімен бірге түскен суреттерін көрсетті. 👍
Мәтін: @1kitaphana_filialy
Камбаров К.С.
Комментарии