
08.02.2023 жылы Балқаш қалалық музейіне ПО-21-9 тобының студенттерімен интеллектуалды ұйымының жетекшісі Амирхашов Ф.Б.-мен «Қазақтың шежіресі» музейлік лото сайысына корермен болып қайтты. Білімдік сайысына Балқаш қаласының ардагерлері мен колледж студенттерімен аралас жасалған екі топ Солтүстік Балқаш өңірінің халық шежіресіндегі⠀тарихы жайлы тартысқа түсті. Сайыстың бірінші кезегінде топ мүшелері өлкенің тарихи топонимикасының⠀халықтық этимологиясы жайлы , ал екінші кезеңде өлкені⠀мекендейтін Орта Жүз руларының шежіресі бойынша білімділік сайысына түсіп, жалпы халықтық шежіренің өткенді танып білудегі⠀ролінің әлі де маңызды екенін көрсетті.
Амирхашов Ф.Б.
Комментарии