06.05.25. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық, колледжінде ШК-23-9 жене ПС-24-9 тобының ұйымдастыруымен 7 мамыр Отан корғаушылар күніне арналған «Ұланымын мен бүгін, тәуелсіз болған елімнің» атты мерекелік іс-шара өтті. Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру, өз Отанын адал сүйетін еліне қызмет ететін, ел мүддесін жоғары қоятын тұлға тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс-шараға колледж студенттері белсене қатысты.
Бүгінде Отан қорғаушылар күнін бүкіл ел болып атап өту жақсы дәстүрге айналды, оның себебі де түсінікті, өйткені ел тыныштығын сақтауды «Қасиетті борышым» деп білген азаматтар әрдайым кұрметке лайық. Іс-шара барысында өз өнерлерімен кұрмет көрсеткен ДО-23-9, МТ-24-9, ИЯ-23-9, ШК-24-9, ШК-23-9 тобының студенттеріне және әншілеріміз Мөлдір, Ерсұлтан, Меруерт пен Инабатқа, жургізушілер Аяулым мен Марғұланға алғыс білдіреміз!
Барша ер-азаматтарды қайсарлық пен мәрттіктің, ар-намыс пен ерліктің мерекесі Отан корғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Іс-шараға жауапты оқытушылар: Калкенова Э.И., Байділдаев Ж.Н.,Нургазина А.О.
Комментарии