Осы датаға орай Қарағанды облысы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Хакім Абай – жастар көзімен » атты облыстық жастар арасында әлеуметтік желілердегі бейнеролик челенджі наурыз айының 27- сінен басталды. Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті , теңдесі жоқ алтын қазынасы. Жылдар өткен сайын халқымыз ғұлама ақынның рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түсуде.
Аталған челенджге Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжінің МТ-24-9 тобының студенттері Болат Әмина, Картаева Нұргүл және Қайратқызы Дана қатысты. Олар Абай өлеңдерін жатқа оқып, бейнеролик түсірді.
Оқытушы: Алиманова Сандуғаш Нұртаевна
Комментарии