Апталықтың алғашқы күні яғни 18 Қыркүйек апталықтың ашылуы 1және 3 курс студенттерімен 301аудиторияда апталықтың салтанатты ашылуы болды. Апталықтың ашылуында студеттерді сабақтан тыс болатын іс-шаралармен және салтанатты іс-шаралармен таныстырды.
2023жылдың 19 Қыркүйек күні 1 курс студеттерімен №406 кабинетте патриоттік диктант өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты студенттердің жазылым дағдысын дамыту. 20 Қыркүйек күні «World of languages» атты VI облыстық конкурс өтілді. Бұл конкурс студенттер арасында лингвистикалық күрес жүзінде іске асты.Конкурс мақсаты студенттер арасында дарынды студенттерді анықтау. 21 Қыркүйек күні «Шәкәрім ақын шалқарынан» ОП-23-9 студенттерімен конкурс өткізілді. Конкурста мұғалімдер жаңартылған бағдарлама бойынша әдіс-тәсілдерді қолданды. « Environmental issues in the 21st century »f атты ИЯ-23, ИЯ-22, ИЯ-21 тобының студенттерімен видеоролик конкурс өткізілді. Конкурс мақсаты студенттерді ақпараттық-технологияны пайдалана отырып, сөйлеу дағдыларын дамыту. Конкурста жаңартылған бағдарлама бойынша мұғалімдер түрлі әдістерді қолдана отырып жеңімпаздарды анықтады. 22 Қыркүйек күні Шәкәрім Құдайбердіұлының 165-жылдығына орай «Тіл қазына » атты ШК-23-9 студентерімен дөңгелек стол ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты студенттерге түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып тыңдалым,айтылым, жазылым, дағдыларын арттыру. «Spelling bee» атты 1 курс студенттерімен ағылшын тілінде конкурс өткізілді. Конкурс мақсаты 1 курс студенттерін колледж өміріне бейімдеу, айтылым дағдысын қалыптастыру. 25 Қыркүйек күні 1-3 курс студенттерімен апталықтың салтанатты жабылу іс-шарасы өтті. Жабылуда апталық барысында белсенді болған студенттер мен конкурс нәтижесінде жүлделі 1,2,3 орын алған студенттер марапатталды.
Колледж әдіскері: Хали А.К
Комментарии