20.12.2023-22.12.2023ж. аралығында «Жалпы білім беретін пәндер» бірлестігі үшкүндігі өтті. Пән әдістемелік бірлестігің мақсаты: Өздігінен жұмыс істеу шеберлігін, білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруда, жан-жақты маман тәрбиелеуде оқытудың белсенді және интербелсенді әдістерін тиімді пайдалану, оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдау. Бірлестік мүшелері үшкүндік аясында өнімді жұмыс жасап,жоспарланған барлық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізді.
20.12. 2023 күні ПӘД оқытушыларының қатысуымен үшкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Хасенова Ж.Ж мұғалімінің жауапкершілігімен 1-курс студенттерімен «Саяхат картасы» атты Географиялық ойын өткізілді. Іс-шара жоғарғы деңгейде өтіп, студенттер өте белсенді қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Қожа АхметЯсауидің 930ж арналған « Қожа Ахмет Ясауи өмірі мен философиялық мұрасы» атты ZOOM платформасмы арқылы облыстық дөңгелек үстел өткізілді. Спикер Балтабаева М.А. ИЯ-22-9 тобымен Аделканова С.А « Кровь. Группа. Крови. Кровообращение. Строение и функция сердца»тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта мұғалім көрнекілік ретінде аудиториядағы белсенді тақтаны,карточкалар,жұмыс парақтарын,үлестірмелі матералдарды қолданды.
21.12.2023 күні ТТ-23-9 тобымен Жансерикова К.А химия пәнінен « Металдар және құймаларды алу »аттаы ашық сабақ өтті. Сабақта мұғалім мақсатқа жету барысында белсенді әдіс-тәсілдерді қолданып, мақсатқа толықтай жетті. Студенттер белсенді қатысып, өз деңгейлеріне сай түрлі бағалау әдіс-тәсілдерімен бағаланды. Биология пәнінен ШК-23-9 тобымен Ерменбетова С.О « Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез» атты ашық сабақ өткізілді.
Сабақта студенттер белсенді қатысып, мұғалім белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өз мақсатына жетті. Қазақстан тарихы пәнінен МЕТ-23-9 тобымен « Тарих. Тағылым.Таным »атты интеллектуалды ойын өткізілді. Жауапты мұғалім Ахметов А.А. Іс-шараға студенттер белсене қатысып, жүлделі орындармен алғыс хаттармен марапатталды. Балтабаева М.А мұғалімі 1 курс студенттерімен Тарих және құқық негіздері пәндерінен « Тарих пен құқық мәдениеттің тірегі»атты интеллектуалды сайыс өткізді. Іс-шараның мақсаты студенттердің жасырын таланттарын ашып, тарихқа деген қызығушылықтарын арттыру.
22.12.2023 күні химия пәнінен ИЯ-23-9 тобымен Каденова А.М « практическая работа №8 Генетическая связь между неорганическими соединениями» атты ашық сабақ өтті. Көрнекілік ретінде аудиториядағы белсенді тақтаны,карточкалар,жұмыс парақтарын,үлестірмелі матералдарды қолданды.Математика пәнінен ОИ-23-9 тобымен Ғазиз. Т.М мұғалімі «Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі» атты ашық сабақ өткізілді. Сабақта мұғалім түрлі белсенді әдіс тәсілдерді қолданып, өз шеберлігін өзге мұғалімдерге ұсынды. Физика пәнінен ОП-23-9 тобымен «Механикалық тербелістер» атты ашық сабақ өткілді. Жауапты мұғалім Амантаев Ж.А. Сабақтың ерекше тұсын атап өтетін болсақ, топтық жұмыста студенттер өздерін еркін ұстап, ойларын еркін жеткізді. Жәнеде әр тапсырмада студенттер түрлі тәсілдермен бағаланды. Сабақ соңыңда студентмен рефлексия және кері байланыс жүзеге асырылды. Сабақ жоғарды деңгейде өтті.
Жансерикова К.А мұғалімінің жауапкершілігімен Жалпы білім беретін пәндер бойынша 1-курс студенттерімен « Жүзден жүйрек…» атты интеллектуалды ойын өтті. Белсене қатысқан студенттерді жүлделі орныдармен , алғыс хаттармен марапатталды. Кәсіптік тәжірибе бойынша Математика пәнінен Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінде 3 «В» сыныбымен Машыққер: Жұмағазы Әдемі, әдіскер : Жакупова М.Т ашық сабақ өткізілді. Сабақтың ерекше тұсын атап өтетін болсақ, топтық жұмыста студенттер өздерін еркін ұстап, ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізді. Жәнеде әр тапсырмада студенттер түрлі тәсілдермен бағаланды. Сабақ соңыңда студентмен рефлексия және кері байланыс жүзеге асырылды. Сабақ жоғарды деңгейде өтті. «Жалпы білім беретін пәндер » бірлестігің жабылуы болып, үшкүндіктің қорытындылап студенттерді марапаттау рәсімі.
әдіскер: Хали А.К.
Комментарии