Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің ТТ-23-9 тобы студенттерінің КМ4. «Гидравлика және сорғылар» өндірістік оқыту тәжірибесі бойынша есеп.

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің ТТ-23-9 тобы студенттері 03.04.2025-18.04.2025ж. күндер аралығында КМ4. «Гидравлика және сорғылар» өндірістік оқыту тәжірибесін ЖШС «Балқаш Жылу» өндіріс орнында өтті. Тәжірибенің мақсаты: студенттердің гидравликалық жүйелер мен сорғы жабдықтары жөніндегі теориялық білімдерін өндірістік жағдайда іс жүзінде қолдану дағдыларын қалыптастыру; тәжірибе барысында студенттер нақты нысандарда гидравликалық құрылғылардың құрылымын, жұмыс істеу принциптерін, техникалық қызмет көрсету және ақауларды анықтау тәсілдерін меңгеріп, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Тәжірибе барысында студенттер теориялық білімдерін нақты жұмыс орталарында қолданып, өздерін нақты еңбек жағдайларында сезінуге мүмкіндік берді. Тәжірибенің соңғы күні топ студенттері күнделіктері мен есептерін өткізіп, қорғап шықты.

Тәжірибе жетекшісі: М.Н.Сагимбекова

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *