Біз ОП-21-9 тобы 10.03.23 және 14.03.23жж өндірістік практикаға Балқаш 1 және Балқаш 2 станцияларына бардық. Станцияларда вокзалдың, станция бойынша кезекшінің, диспетчердің жұмысын сонымен қатар, вагон саябағында вагондардың сұрыпталуын тамашаладық.
Станция бойынша кезекші бізге темір жол бойында жұмыстың қалай жасалатынын айтып түсіндіріп берді. Ол өзінің жұмысында маршруттарды дайындап, жолдарды қадағалап, маневрлерді орындады.
Сонымен қатар станцияда біз темір жолдың құрылымын, олардың қалай орналастырылып қойылатынын түсіндік. Ол жерде бағыттамалы бұрма, қисық жолдар, тік жолдарды көрдік.
Локомотивтер мен басқада жылжымалы құрамның маневр жасап жатқанын тамашаладық, олар Саяқтан резервпен келген локомотивті депоға апарды.
Келесі барған кезімізде Балқаш 2 станциясындағы вокзалмен таныстық. Ол жерде станция кезекшісі пойыздардың қай уақытта келіп кететін графигі туралы ақпаратты жолаушыларға жеткізіп отырды. Сондай ақ біз жолаушылар вокзалындағы биік платформаны, пикеттердің не үшін керектігін, кіру шығу бағдаршамдарының қызметтерін тамашаладық.
Біз вокзалда болғанда станция кезекшісі басты жолда жүк вагонын өткізіп жіберді. Вокзалдың ішінде күту залы, билет сататын касса, диспетчер жұмыс орны және тағыда басқа орындар болды.
Екі станцияда өткен өндірістік практика бізге өте қызықты болды. Осы жолғы барғанымыздан біраз тәжірибе жинап қайттық.
Бейсембаев М.Н.
Комментарии