Өнегелі отбасы
МТ-24-9 тобының студенттері Бір тұтас тәрбие бағдарламасы аясында 18.12.2024 ж «Өнегелі отбасы» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Ата-ананың бір біріне қарым қатынасы, жүріс тұрысы, сөйлеу мәдениеті барлық іс-қимылдары баланың бойына тәрбие болып қалыптасады. «Күн сайын ертеден кешке дейін, отбасында ата-ана, ағайындары тарапынан бала алдында мінез-құлықтың сан алуан үлгілері өтіп жатады. Осының барлығын жас бала бойына сіңіріп өседі. Ал баланың қоғамға, айналасындағыларға қарым-қатынасының қалыптасуы, туған-туыстарына деген қатынасынан байқалады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген ата-бабамыздан қалған асыл сөз текке айтылмаған дей келе студенттер өз отбасы мүшелерінің өмірлеріндегі алатын орны туралы ойларын білдірді.
Топ жетекшісі Мамырбаева Ш.С.
Комментарии