2023 жылдың 13-17 қараша аралығында қаржылық сауатылық және экономика пән әдістемелік бірлестігінің әдістемелік үш күндігі (ТРИАДА) өтті. Пән әдістемелік бірлестік оқытушыларының жоспарлары бойынша Әдістемелік үшкүндік (триада) барысында 1 күнінде яғни 13 қараша күні 1-4 курс студенттеріне триаданың ұлттық теңгеміздің 30жылдығына орай салтанатты саптық жиын өтті. Жәнеде 1-2курс студенттеріне Ұлттық теңгеміздің 30жылдығына орай стендгазет конкурсы өткізілді. «Ұйым қызметін бақылау»атты МТ-21-9 тобымен Мамырбаева Ш.С ашық сабақ өткізді. Сабақта мұғалім топтық, жұптық және жеке жұмыстар жүргізілді. Сабақта студенттер белсене қатысты.
14 Қараша күні 1-2курс студенттерінің арасында «Экономика және Мен » атты челендж өткізілді. БСД-23-9 және МТ-22-9 студенттері қаланың кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел кездесуі өткізілді.
15 қараша күні 1-2 курс студенттерімен « Теңге тәуелсіздіктің белгісі » атты эссе және өлең оқу конкурсы ұйымдастырылды. МТ-22-9 тобымен Мукашева Б.С мұғалімі ашық сабақ өткізілді.
16 Қараша күні 1-2 курс студентер арасында ең керемет макет конкурсы өтті. Масалова О.Ю ВТ-20-9 4 курс тобымен «Аренда, лизинг,франчайзинг» атты ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ барысында мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, мақсатқа жете алды. Мамырбаева Ш.С және Масалова О.Ю мұғалімдері 1-2курс студенттерімен облыстық Үздік студенттік бизнес идеялар байқауына «Жастар-шағын бизнеске қатысу» конкурсы өткізілді.
Үшкүндіктің соңғы күні яғни 14 қараш МТ-21-9 студенттерімен Кәсіпорын экономикасы саласы бойынша курстық жұмыстарды қорғау өткізілді. Колледждің барлық студенттеріне « Студентік хоббиден табысты бизнеске дейін » жәрмеңке өткізілді. Колледжің 1-2 курс студенттеріне үшкүндіктің салтанатты жабылуы болды. Триаданы өткізуге пән әдістемелік бірлестігінің барлық оқытушылары мен студенттері белсене қатысты. ПӘБ оқытушылары ашық сабақ өткізу кезінде әр түрлі әдіс — тәсілдерді қолданып, білім алушыларымызды толық түсінікті ақпараттармен бөлісіп, кері байланысты жасап, өте қызықты да, түсінікті жоғары деңгейдегі сабақтар өткізді.
Колледж әдіскері Хали А.К
Комментарии