Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығымен бірлесіп өткізілген іс-шараның мақсаты:— С.Сейфуллин өмірі мен шығармашылығын насихаттау;- Жазушының ұлттық руханияттан алатын орнын көрсету;- Ұлтын оятқан Ұлы тұлғалар көтерген мәселелердің қазіргі күндегі өзектілігін айқындау;- 25 – Қазан Республика күнін дәріптеу;- Жастардың Отанға, туған жерге, елге деген отансүйгіштік, патриоттық сезімін ояту;
Пікірталасқа «Бастауыш білім беру» мамандығының 1-2 курс студенттері үлкен жауапкершілікпен қатысты.
«Алаштың ардақтысы – Сәкен» (С.Сейфуллин өмірі мен тың ақпараттар) және «Қазақ әдебиетінің негізін салушы» (С.Сейфуллиннің шығармашылығы) деген тақырыптарда презентациялар ұсынылды. Сонымен қатар пікірталасқа қатысушы студенттер ақынның өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре, жатқа айтты. Тақырып аясында қойылған сұрақтарға белсене жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.
3-курс студенті Түсенов Нұрдос ақынның «Ақсақ киік» өлеңін мәнерлеп оқып, өлең мазмұны бойынша пікірталасты жүргізді.
Алаш ардақтысы ұлықталған іс-шараның ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен оқытушыларға және қатысушы топтарға Алғыс хаттар тапсырылып, атап өтілді.
Комментарии