19.12.2024 ж. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы – тәрбие мен білім берудегі алтын көпір

Бұл күн тәрбие мен білім берудің өзара тығыз байланысын көрсететін іс-шараларға арналды. Бағдарлама аясында үш маңызды шара өтті:

1. ШК-21-9 А тобында оқытушы Жахметова Б.К Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінен «Грамматикалық талдау және оның түрлері» тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақ барысында оқытушы грамматикалық талдау жасау дағдыларын дамытуға баса назар аударды. Сабақтың құрылымы үш бөлімнен тұрды: теориялық түсіндіру, практикалық жаттығулар және рефлексия. Оқыту әдістері студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, олардың қазақ тілінің грамматикасын тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді. Сабақтың нәтижесінде студенттер талдау түрлерін ажыратуды, өз бетінше қолдануды меңгерді.

2. Колледж психологы Сарсембаева А.А. ұйымдастыруымен «Өз жан-дүниеңнің суретшісі бол!» арттерапиясы өтті. Арттерапия әдістемесі балалардың шығармашылық қабілетін ашуға, өзін-өзі тануға және психологиялық қолдау көрсетуге негізделді. Жұмыс барысында оқушылар түрлі материалдармен сурет салды, өз эмоцияларын бейнелеу арқылы оларды түсінуге тырысты. Әр баланың қабілетіне жеке көңіл бөлініп, олардың шығармашылық әрекеттері қолдау тапты. Бұл шара оқушылардың эмоционалдық тепе-теңдігін сақтауда және өзін-өзі бағалауын арттыруда үлкен үлес қосты.

3. «Алтын сахна үйірмесі» бірлестік оқытушыларының ұйымдастыруымен «Шырақ жаққан шамшырақ»: Ыбырай Алтынсарин мұрасы атты іс-шара өткізілді.
Бұл іс-шара Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық еңбегіне арналды. Ауызша журнал түрінде ұйымдастырылған шарада тыңдаушылар оның қазақ қоғамына сіңірген еңбектерімен танысты. Студенттер мен оқытушылар оның шығармаларынан үзінділер оқып, талдау жүргізді. Іс- шараға ШК-23-9 тобы да белсене қатысты. Топ студенттері Сейтімхан Нұрайым мен Талғатқызы Меруерт Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына байланысты ақпарат берсе, Қуатжан Аяулым мен Құсылбек Аяжан ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Іс- шараның жүргізушісі болған ШК-23-9 тобының студенті Сабырқызы Мерей. Топ жетекшісі: Калкенова Э.И. Көркем мәтіндер оқумен қатар, Ыбырайдың тәрбиелік идеялары мен білім саласына қосқан үлесіне ерекше назар аударылды. Іс-шара мазмұнды, тәрбиелік құндылығы жоғары және қатысушылардың тарихи-мәдени танымын арттыруға бағытталған болды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар білім мен тәрбие процестерінің маңыздылығын айқын көрсетті. Әр шара тыңдаушылар мен қатысушылардың танымдық және тұлғалық дамуына ықпал етіп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.

Әдіскер: Хали А.К

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *