Егемен еліміздің ұлық мерекесі — Тәуелсіздік күніне орай қала мектептерінде арнайы сынып сағаттары өткізілді. Осы орайда № 1 жалпы білім беретін мектептің 5В сыныбында біздің колледждің студент- машықкерлері өткізген сынып сағаты өте сәтті шықты . Оны дайындап өткізген ИЯ-22-9 тобының студенттері Мүслім Темірлан мен Мусина Аяулым. Тәрбие сағатына сыныптың барлық оқушылары белсене қатысты. Еліміздің бас мерекесіне сай безендірілген сынып іші оқушылардың көңіл- күйіне керекмет әсер етті деуге болады. Осылайша әрбір азаматтың қажырлы еңбегінің арқасында сүйікті Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін!
Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің маңызы қашан да зор болмақ. «Толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың қанымен, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарымен, аналарымыздың көз жасымен жеткен Тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз. Бұл — біздің азаматтық парызымыз бен борышымыз.
Көк байрағымыз лайым бейбіт аспан астында желбіреп тұрсын! Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгі болсын!
Алиманова С. Н.
Комментарии