Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық» колледжінде 2024жылдың желтоқсан айының 11 күні Бекенов Сәбит Бекенұлының туғанына 88 жыл толуына арналған студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Балқаш педагогикалық учелищесінің алғашқы директорына арналған Бекенов Сәбит Бекенұлына арналған гуманитардық бағыттағы студент топтарымен ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция аясында студенттердің ғылыми қоғамның жетекшісі Э.И.Калкенова жетекшілік атқарды. Бұл конференция студенттердің кәсіби дамуына ықпал ететін маңызды алаң болды. Конференция үш негізгі бөлімнен тұрды:1. «Болашақ мамандығы саласындағы жаңалықтар» – Бұл бөлімде студенттер өз салаларындағы заманауи жетістіктер мен ғылымдағы жаңа бағыттарды талқылады. Олар болашақ мамандарға қойылатын талаптар мен жаңа технологияларды енгізу тәжірибелері жайлы баяндамалар жасады.2. «Болашаққа арналған инновациялар» – Бұл тақырып аясында қатысушылар инновациялық шешімдер мен жобаларды ұсынды. Заманауи технологияларды қолдану арқылы экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.3. «Заманауи білім беру құндылықтары» – Бұл бөлімде білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңа педагогикалық әдістемелер талқыланды. Студенттер өздерінің білім беру сапасын арттыруға арналған ұсыныстарын ортаға салды.

Конференция аясында студенттер білім беру тақырыбында ғылыми жұмыстарын қорғап, заманауи білім берудің өзекті мәселелерін талқылады. Олар білім беру жүйесінің дамуы, инновациялық әдістемелерді енгізу және жаңа технологияларды пайдалану туралы өз зерттеулерін ұсынды.Конференция барысында студенттер өз мамандықтары бойынша презентациялар қорғап, өзекті мәселелер мен болашақ даму жолдарын талқылады. Жас зерттеушілердің еңбектері жоғары бағаланып, үздік баяндамалар арнайы марапаттарға ие болды.

Бұл шара білім мен ғылымды дамытуға серпін беріп, жастарды жаңа идеяларға ынталандырды.

Әрбір қатысушы ғылыми тұрғыда негізделген, шығармашылық және жаңашыл идеяларды ұсынуға тырысты. 

ШК-24-9 тобының студенті Айтбек Жанел «Рухы биік нар тұлға» атты ғылыми жұмыс қорғады. Жетекшісі: Жахметова Б.К

ДВ-21-9 тобының студенті Несіпбек Фатима «Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» атты ғылыми жұмыс қорғады. Жетекшісі: Лекерова Ж.Ж

ДО-23-9 тобының студенттері Батырбек Армангүл, Берікқызы Айзат «Киім дизайны саласындағы инновациялар» атты ғылыми жұмыс қорғады. Жетекшісі: Хасенова Ж.Ж

ШК-22-9 тобының студенті  Жабықбай Аяжан «Интербелсенді әдістерді дүниетану сабағындағы қолдану негіздері».  Жетекшісі: Сулейменова С.Ы.

ИЯ-23-9 тобының студенттері Гагарина Ольга, Бауыржанова Жансая «Новшества в сфере профессии преподавателя английского языка» Жетекшісі: Хасейн А.А

ШК-23-9 тобының студенті Сабырқызы Мерей. «Құндылықтарға негізделген тәрбие – ұлт болашағы»  Жетекшісі: Калкенова Э.И

ОИ-23-9 тобының студенті Асылхан Алихан  « XXI ғасырдағы білім: құндылықтардың қайта жаңғыруы». Жетекшісі: Ерменбетова С.О

ДО-23-9 тобының студенттері Алибаева Сабина, Куанышбекова Гулимай «Новшества в сфере дизайна одежды». Жетекшісі: Хасенова Ж.Ж

ШК-24-9 тобының студенті Нихамберлина Азалия «Ұстаз болу – жүрекпен жасалатын мамандық» Жетекшісі: Сулейменова С.Ы.

ДВ-21-9 тобының студенті Бәйтен Меруерт «Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын әрекеті арқылы дамыту» Жетекшісі: Лекерова Ж.Ж

ШК-22-9 тобының студенті Түсенов Нұрдос «Креативті білім беру ортасы: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» Жетекшісі: Дүкенбаева Г.Е.

Студенттердің ғылыми еңбек жұмыстарын колледж оқытушылары бағалап, ең үздік жобалар арнайы марапаттарға ие болды. Конференция студенттердің кәсіби дамуына жаңа серпін беріп, олардың ғылыми әлеуетін шыңдауға мүмкіндік берді.

Әдіскер: Хали А.К.

#Біртұтас_тәрбие

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *