ШМП оқытушыларына арналған микро семинар

2024 жылдың 19 қарашасында колледжде жас мамандармен жаңадан келген педагогтарға арналған оқыту микро-семинары өткізілді. Микро-семинарға 13 жас маман қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – жас мамандар мен жаңадан келген педагогтарға кәсіби дағдыларын дамытуға, білім беру әдістемесін жетілдіруге және педагогикалық үдерістің тиімділігін арттыруға көмек көрсету болды. Микро-семинар барысында колледждің оқу-ісі жөніндегі орынбасары К.Д. Махатова білім беру процесін ұйымдастыру мен жас педагогтарға қойылатын негізгі талаптар туралы нақты түсініктер берді. 

Колледж бойынша жас мамандар жетекшісі С.Ы.Сулейменова педагогикалық әдістер мен заманауи технологияларды қолданудың маңыздылығына тоқталып,оқу жұмыс жоспарының жүйелі құрылуының маңыздылығын айтып, нақты ұсыныстар берді. Белгілі бір колледждің талаптарына сәйкес нақты ұсыныстар мен әдістер қарастырылды. Микро-семинарда педагогикалық құжаттарды дұрыс әзірлеу, колледждің талаптарына сәйкес нақты ұсыныстар мен әдістер қарастырылды. Талданған мәселелер: (ҚМЖ және оқу ісі жоспары) — жас мамандар үшін өзекті, өйткені педагогикалық құжаттарды дұрыс әзірлеу – олардың жұмысының негізгі бөлігі, оқу үрдісінің жылдық жоспары мен ұйымдастыру ерекшеліктерінің бірі.

Семинар интерактивті форматта өтті, бұл қатысушылардың назарын аударуға және оларды белсенді қатысуға ынталандырды. Семинар барысында жас мамандар өздерінің тәжірибесіндегі проблемаларға байланысты туындайтын сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Құжаттарды толтыру барысында қиындықтарды болдырмауға арналған ұсыныстар талқыланды. Семинардың нәтижесінде жас мамандар педагогикалық құжаттаманы дайындау бойынша базалық білім алды. Бұл олардың сабақ жүргізу сапасын арттырып, колледждегі кәсіби қызметке тез бейімделуіне ықпал етеді.

Колледж әдіскері: Хали А.К.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *