Тәрбие мен білім берудегі алтын көпір

20  желтоқсан күні  “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” –тәрбие мен білім берудегі алтын көпір»тақырыбында  педагогика, психология және жеке пәндер әдістемелер бірлестігінің ашық отырысы болып өтті.

             Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды: 1. Бірлестік жетекшісі «Біртұтас тәрбие бағдармасын» жүзеге асыру мақсатында атқарылған  пән бірлестігінің оқу –әдістемелік, тәрбиелік  жұмыстарының есебін жасады. Оқытушылардың, студенттердің  ғылыми –зерттеу, іздену, шығармашылық жұмыстарымен және кәсіптік  тәжірибе барысымен таныстырды.

                  Жүйелі жүргізіліп келе жатқан жұмыстың бірі  – «Педагогикалық сынып» таңдау курсы жайында оқытушы Сулейменова С.Ы. «Таңдаудың табысты жолы»тақырыбында педагогикалық сынып жұмысының есебінжасады. Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі басшысының ұсынысымен кәсіптік бағдар беру педагогикасы негізінде ұйымдастырылған  «Педагогикалық  сынып» таңдау курсы өнімді жұмыс атқарып келеді. 

            «Сапалы білімнің негізі –педагогтардың біліктілігін үздіксіз арттыру» мәселесі бойынша   «Техникалық және кәсіптік білім берудегі инклюзивті оқытудың негізгі аспектілері» біліктілікті арттыру курсынан өтіп келген оқытушы Дукенбаева Гүлназ Ернатбековна «Инклюзивті білім беру – мейірім мен қолдаудың өзегі» тақырыбында курс жайлы хабарлама жасап, тәжірибесімен бөлісті.

    Оқытушы психолог Серсембаева А.А. психологиялық  тренинг жүргізіп, жұмысымыздың сәтті өтуіне қолайлы жағдай жасады.

    «Пән бірлестігі оқытушыларының әдістемелік жұмысы – нәтижелі тәжірибе алмасудың кепілі»тақырыбында   педагогикалық үшкүндік жұмысы қорытындыланып,  бірлестік жұмысына жоғары баға берді. Оқытушылар рефлексияға белсенді қатысып, ой – пікірлерімен бөлісті.

                           Бірлестік жетекшісі:  Жахметова Б.К.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *