2025 жылдың 13 ақпанында колледжімізде жас маманоқытушыларына арналған «Оқытудың белсенді жәнеинтербелсенді әдістері» тақырыбында микросеминар өтті. Іс-шара колледжіміздің әдіскері Хали Айжан Калиевнаұйымдастырып, оның жетекшілігімен өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты – жас оқытушылардыбелсенді және интербелсенді оқыту әдістерімен таныстыру, олардың маңыздылығын ашу және сабақ барысында тиімдіқолдану жолдарын көрсету.
Семинар барысында қарастырылған негізгімәселелер: белсенді және интербелсенді оқыту ұғымдары; белсенді әдістердің артықшылықтары мен ерекшеліктері; белсенді оқыту әдістеріне мысалдар көрсетіліп, әдістерді сабақта тиімді қолдану жолдары қарастырылды. Белсенді және интербелсенді оқытудың маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, қатысушылар біраз құнды ақпараттарды алды.
Семинар соңында қатысушылар белсенді және интербелсенді әдістерді оқыту үдерісінде тиімді қолдану туралы тәжірибе алмасып, өзара пікір алмасты. Жасмамандар үшін бұл семинар оқыту тәжірибесін жетілдірудемаңызды қадам болды.
Бұл семинар жас оқытушылардың кәсіби құзыреттілігінарттырып, оларды жаңашыл педагогикалық тәсілдердіқолдануға ынталандырды. Мұндай іс-шаралар болашақта да жалғасын табады деп күтілуде.
Комментарии