
2025 жылдың 24 ақпанында «№5 Жалпы білім беретін мектебінде» ашық есік күні өтті. «Жұмысшы мамандықтар жылы аясында» ұйымдастырылған іс -шараның басты мақсаты :кәсіби бағдар беру жұмыстарын жандандыру.Ашық есік күніне қаламыздың колледж өкілдері шақыртылды.БГТК колледжі атынан ШК-22-9 тобы Түсенов Нұрдос,ФК-21-9 тобы Қайжен Нұрайым,ИЯ-21-9 тобы Дайрабаева Аида студенттері барды. ФК-21-9 тобының студенті Қайжен Нұрайым мектеп оқушыларымен болашақ дене шынықтыру пәні мұғалімі ретінде физикалық сергіту ойынын өткізіп,өз мамандығы жайлы айта кетті.ИЯ-21-9 тобының студенті Дайрабаева Аида шет тілі мұғалімі мамандығының өкілі ретінде мамандығы жайлы шолу жасап,колледждегі студенттік өмір мен өткізілетін шаралар жайында толығырақ тоқталды. ШК-22-9 тобының студенті Түсенов Нұрдос бастауыш сынып мұғалімі мамандығы жайлы айтып,өзінің жеке авторлық жұмыстарын таныстыра отырып,презентация ұсынды.
Жауапты оқытушылар:Искакова Сауле Сандыбаевна
Турганова Айгерим Нурланбеккызы
Комментарии