Жас маманның ашық сабағы.

2025 жылғы 3 сәуірде колледжіміздің жас маманы, «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің оқытушысы Аман Әліби Нұрлыбекұлы ПС-24-9 тобында «Экологиялық қауіпсіздік. Табиғи жағдайда автономды өмір сүру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – студенттерді экологиялық қауіпсіздік және автономды өмір сүру ұғымдарымен таныстыру, негізгі экологиялық мәселелер мен олардың адам мен табиғатқа әсерін қарастыру, сондай-ақ табиғи ортада тіршілік етуге қажетті жағдайларды зерттеу болды. Сабақ барысында қоршаған ортаны қорғау шаралары мен экологиялық сауаттылықты арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, автономды өмір сүруге қажетті дағдыларға ерекше назар аударылды.

Оқытушы заманауи педагогикалық әдістерді қолданып, студенттердің танымдық белсенділігін арттыра білді, соның нәтижесінде олардың сабаққа қызығушылығы мен қатысу деңгейі жоғары болды. Сабақ интерактивті форматта өтіп, көрнекі материалдар, бейнеүзінділер және практикалық тапсырмалар қолданылды.

Колледж әдіскері ретінде жас маманның жоғары деңгейде дайындалғанын, таңдалған тақырыптың өзектілігін және материалды студенттерге тиімді жеткізе білгенін атап өткім келеді. Сабақ мазмұнды, жан-жақты әрі әдістемелік талаптарға сай өтті.

Колледж әдіскері: Хали А.К

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *