4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылы дәл осы күні Ту, Елтаңба және Әнұран ресми түрде бекітілген. 2007 жылдан бастап бұл күн «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық Заң аясында жыл сайын тойланып келеді.Осыған орай, ПО-24-9 және ИЯ-24-9 топтары ұйымдастырған «Ел Рәміздері – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты сынып сағаты өткізілді.
Іс — шараның басты мақсаты Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Студенттерді Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.




Топ жетекшілер: Мухатбекова М.А.,Турганова А.Н.
Комментарии