Мода және стиль

Табиғат түрленіп, айнала жанданатын көктемге де аз қалды. Көктеммен бірге адамзат пен жан- жануарлар да масайрап өзгеше құлпыратын кез. Осындай кезге дайыындық мақсатында А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжінің МТ-20-9 тобында «Мода және стиль» деген тақырыппен куратор сағаты өтті. Оны дайындап, жүргізген топ студенттері  Жакыпбекова Аида, Қабылғазы Ділназ және Қайратқызы Жұлдыз. Жақсы дайындықпен келген қыздар биылғы көктемгі сән үлгілерін кеңінен таныстырды. Киімнің әр түрлі стилін үйлестіріп кию, түсін таңдау, оған лайықты аксессуар мен аяқ киімді сәйкестендіру тағы басқа тақырыптарды көптеген мәлімет берді. Сонымен бірге топ студенттерінің пікірін де тығдап, көптің талқысына салды. «талғамға талас жоқ» десек те әр жылдарда трендке айналған үлгілерден хабардар болу бәрімізге де пайдалы болды.

Алиманова С.Н.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *