«Ахмет Байтұрсынов- ұлттың ұлы Ұстазы»

Биыл  Алаш көсемі, қазақтың біртуар перзенті Ахмет Байтұрсынұлының туғанына  150 жыл толып отыр. Бұл мерейтой ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтіп жатыр. Тәуелсіздік ұлтымыздың жадын жаңғыртып, тарихи тамырымыздан қайтадан нәр алуымызға жол ашты. Ұлттық ғылымның негізін қалаған, елдің тарихындағы ұлы  тұлға А.Байтұрсынұлының әлемдік деңгейде аталып өтіп жатқан мерейтойы аясында Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы – техникалық колледжінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушылары Жахметова Балжан Кошкимбаевна мен Калкенова Эльмира Ибрагимовнаның бастамасымен  «Ахмет Байтұрсынов- ұлттың  ұлы Ұстазы» атты шығармашылық кеш  болып өтті.

  • Мақсаты: ХХ ғасырда  қазақ ұлтының мақтанышына айналған Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық қызметін, қазақ әдебиеттану және тіл білімі ғылымдарының негізін қалаудағы еңбегін, ұлт ұстазының педагогикалық, әдістемелік көзқарасын насихаттау;
  • Қазақ тілі мен оның асыл сөзін, яғни сөз өнерін пән ретінде ғылыми жүйеде негіздеген ғалым-реформатор, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ғибратты мұрасын жан-жақты зерделеу;
  • А.Байтұрсынұлының шығармашылық, әдеби, ғылыми мұрасы, қазақ тілін оқыту, үйрету, дамыту тұрғысындағы еңбектері туралы мәліметтерді зерттеп, оның маңызын, келешек ұрпақтың санасына сіңіру, болашақ мұғалімдерге дәріптеу.

Ұлт ұстазы — қыры мен сыры мейлінше мол адам.  Оның өмірі мен жан –жақты  шығармашылығы жайында ДВ -20-9тобының студенттері  Сулембекова Толғанай мен Қонысбай Айнұр буктрейлер ұсынды.

Сан-салалы өнер тоғысқан телегей теңіз энциклопедиялық білім иесі қайшылығы мол тартысты ғұмырында қалың елін жарқын болашаққа бастаған, тұлға, халықтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін  ШК-19-9 тобының студенттері: Болатбекова Айғаным, Қайдар Айтолқын, ШК-22-9 тобының студенті Түсіпбеков Нұрдос нақышына келтіре оқыды. «Бастауыш білім беру» мамандығының 3-4 курс студенттері «А.Байтұрсынов – ғалым, филолог», «Ұстаздың әдістемелік мұрасы» тақырыптарына іздену –зерттеу жұмыстарын қорғады. ШК-22-9 тобының студенті Төлеуқұл Алтын «Ұстазға хат» монологын оқыды.

А. Байтұрсынов қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз керек.

Жахметова Балжан Кошкимбаевна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *