01.09.22ж қыркүйек-Білім күніне орай Э-20-9тобымен – «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбына арнап топ сағатын өткіздім. Тақырыптың мағынасын жан-жақты ашу үшін бірнеше сұрақтар қойдым.
- Патриот деген сөзді қалай түсінесіздер?
- Туған жерге, елге адал қызмет ету дегенді қалай түсінесіздер?
- Болашақтағы арман тілектеріңіз қандай?
Студенттер сұрақтарды жан-жақты талқылап, өз ойларын, пікірлерін ортаға салды.
Колледж оқытушысы Омарова С.Ж.
Комментарии